Голландиядағы Лейден университеті мен Амстердам университетінің Медициналық орталығының ғалымдары жүктілік кезеңінде әйелдің ми құрылысы өзгеретінін анықтады. Зерттеу нәтижесі Nature Communications журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зерттеу жұмысы барысында 28 әйелге жүктілікке дейін, жүктілік кезінде және бала туғаннан кейін магнитті резонансты томография (МРТ) жасалған. Одан бөлек, әйел адамдар анкета толтырып, гормон деңгейін анықтау үшін анализдер тапсырған. Сонымен қатар, бұл жобаға бақылау тобы қатысты. Нәтижесінде мамандар қиялға жауап беретін ми бөлігіндегі аздаған өзгерістерді байқаған. Мидың бұл бөлігі адам терең ойға кеткенде не бір нәрсені армандаған кезде белсенді болып кетеді.
Зерттеушілер бұл механизмнің факторларын анықтай алмады. Бірақ мамандар бұл гормондардың бөлінуіне байланысты деп болжап отыр. Мұндай өзгерістердің қажеттілігін авторлар бұл ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға ықпал ететін жүйенің бөлігі болуы мүмкін. Олар сондай-ақ жүктілік пен босану процесінде интроспекция әдетін қалыптастыру стресті азайтуға және нәресте туылған кезде болған ауырсыну туралы естеліктерді азайтуға көмектесетінін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!