"Қалаулым" жобасының танымал қатысушысы Ислам Алтайбаев бұрынғы әйелі Шынар Меджановамен қарым-қатынасын ашып айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Анна Данченкоға берген сұхбатында бөлісті.
"Ол кісі шектен шығып кетті. Түсінетін адам өзі түсініп алар. Баланың дүниеге келуіне 1 ай қалғанда екеуміз қатты сөзге келіп қалдық. Сол кезде мен шапалақпен тартып, жұлқылағаным рас. Екеуміз қырылып жатқанда ағасы келіп тұр екен. Менің анам екеумізге "қой" деп жүр. Ол ағасын көріп одан сайын жылады. Менің мақсатым Шынардың ағасымен сөзге келмеу болды. Ол қарындасын алып, үйден шығып кетті. Мен ертең келгесін сөйлесемін деп ойладым. Ағасынан қатты ыңғайсыздандым. Отбасы болғасын бүгін ұрсып, ертең татуласамыз. Анам ашуланып кетіп қалды. Анамның артынан шығатыным хақ қой. Ол ағасы мен жеңгесімен қалды. Ағасы-жеңгесі біздің ұрысқа араласты. Мен аяқ киімімді киіп жатып, ағасына айтқаным есімде. Одан кейін ағасын да, Шынарды да көрген жоқпын. "Қарындасыңа біраз ақылыңды айтарсың" дедім. Кешке үйге келсем, кетіп қалған. "Қайт" дедім. "Қайтпаймын, ажырасамыз" деді. "Мен өзім туып қалсам, әке-шешемнің қасына жетіп алайын" деген әңгімелер айтыпты. Бірақ ол бірден үйіне барған жоқ. Алматыдан Астанаға барып, сонда қыдырып, кейін жеткен. Бәрін есебімен дайындалып жасаған ғой. Мен мұнда перзентханамен сөйлесіп қойғанмын. Бәрін реттеп, дайындап жүрдім. Жүрегімді суырып алып кеткендей болды. Сол кезде ашудан көзім көрмей қалды. Ол менің адамым деп алдым ғой, ол маған сатқындық жасады. Иә, менікі дұрыс емес шығар. Боқтаған кезім болды. Қабылдай алмаған кездерім болды", - деді ол.
Ислам Алтайбаев бұрынғы әйелі Шынар Меджанованы не үшін ұрғанын түсіндірді.
"Негізінен әйел адамға қол көтеру дұрыс емес қой. Менің де анам бар, қарындасым бар. Дегенімен сол мәселеге жеткізетін қыз-келіншектер бар. Ақыл тоқтатқан адам ретінде айтайын. Еркектің ұруы дұрыс емес, бірақ сол нәрсеге жеткізетін әйелдер бар. Бұл жерде ұру емес, төбелес болды. Мен бас салып төмпештеп ұра беретін, шапалақпен тарта беретін ақымақ емеспін ғой. Не нәрсе болса да ел алдындағы баламын. Қанша адамның тәрбиесін көрдім. Қанша байқаудың жеңімпазы болдым", - дейді ол.
Блогер шапалақпен тартып жіберуді ұру деп санамайтынын жасырмады.
"Қылмыс жасадым дегенде ол кезде заң әлі күшіне енбеді ғой, осыдан екі жыл бұрын болған әңгіме ғой. Қол көтеру - қол көтеру, шапалақпен тартып жіберу - бетін қайтару, ұру емес. Қол көтеру көк ала қойдай сабау ғой, ал шапалақпен тарту деген шатырлатып ұру емес қой, бетіңнен алып, төсіңе шауып бара жатқаннан кейін шешім жоқ. Бір емес, бірнеше рет болд", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Қалаулым" арқылы танылған блогер Шынар Меджанова жүктілігінің 9 айында төркініне неліктен қайтқанын түсіндірді.
"Ыңғайсыз жағдай болды. Дәл сол сәтте нүкте деген шешімге келген шығармыз. Сол себепті баланы босануға Семей қаласына кеттім. Мен кеттім деп айтқан да дұрыс емес шығар. Үлкен түсініспеушіліктен кейін үйдегі адамдар кетіп қалды. Тоғызыншы айда үйде жалғыз қалдым. Әке-шешем уайымдап, "әртүрлі жағдай болуы мүмкін, қасыңда ешкім жоқ, ...басың сау, аман болып тұрған кезде үйге жетіп ал" деді. Сол себептен Семейге кеттім. Артынан бұл әңгіме мүлдем басқаша айтылды", - дейді блогер.
Еске салайық, бұдан бір жыл бұрын "Қалаулым" бағдарламасындағы танымал жұп Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова ажырасып кеткен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз