- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жүкті болған, шенеуніктің...
"Жүкті болған, шенеуніктің қарындасы": экс-шенеуніктің марқұм әйелі туралы не белгілі?
Бүгін Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, ұсталды. Massaget.kz тілшісі қаза тапқан марқұм әйел туралы не белгілі екеніне шолу жасады.
Марқұмның аты-жөні - Салтанат Нүкенова. Дәрігерлер оның 1992 жылы дүниеге келгенін мәлімдеді. Әйел 31 жаста болған. Telegram-арналарда оның Павлодардың тумасы екені айтылып жатыр.
prokadrykz Telegram-арнасынан
Салтанаттың әлеуметтік желідегі парақшасы жабық. Алайда Telegram-арналар мәліметінше, оқырмандары оның бір ай бұрын жүкті екенін айтқанын жазып жатыр.
Сонымен қатар, ашық дереккөз мәліметтерінде Салтанат Нүкенова Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкеновтің туысы екені де айтылады.
Ал марқұм әлеуметтік желідегі парақшасында астрологиямен айналысатынын айтып, консультацияларының құнын да көрсеткен. Мәселен, оның астрологиялық консультациясы 80 мың теңге тұрған.
Тіпті ашық дереккөз бен әлеуметтік желіде оның экс-шенеунікпен консультацияда танысқаны айтылады. Сондай-ақ, ол Қуандық Бишімбаевқа былтыр күзде тұрмысқа шығыпты.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды.
Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев 2018 жылғы наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алу және ақша жымқыру істерінде айыпты деп танылған еді.
Бишімбаевтың сот ісі төрт айдан аса уақытқа созылды. Онымен бірге бұл істе 22 адам сотқа тартылған еді. Олар "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ экс-қызметкерлері, кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдері болды.
Кейін экс-шенеунік 10 жылға сотталса да, тура 19 ай өткенде бостандыққа шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова