- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүкті әйелді ұрып,...
Жүкті әйелді ұрып, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген қарағандылық сотталды
Қарағандыда жүкті әйелді ұрған ер адамға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктіге қатысты іс Қарағандыдағы Октябрь аудандық №2 сотта қаралды. Терегу барысында былтыр ақпанда айыпталушы әйелін қызғанып, досының көзінше ұрып тастағаны анықталды. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келген.
Ер адам жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп, досымен төсек қатынасына түсуге мәжбүрлеген сәтінің видеосы тарағаннан кейін қоғамда қызу талқыға түскен болатын.
Тергеу барысында күдіктіге Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылды. Сотта сотталушы кінәні мойындады және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Прокурор оны кінәлі деп тануды және 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сондай-ақ, сотта сотталушы "отбасылық дебошир" санаты бойынша полицияда есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қылмыс жасалған кезде оның "бостандығы шектелген" және басқа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан.
Осы деректі ескере отырып, сот негізгі жазаға ескі мерзімнің өтелмеген бөлігін қосып, сотталушыны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Жаңа жазаны ол ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина