- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүкті әйел токсикозды...
Жүкті әйел токсикозды басу үшін қалай тамақтануы керек?
Жүкті әйелдердің диетасы теңдестірілген, әр түрлі пайдалы тағамдардан тұруы керек. Бірақ кейде болашақ ана дұрыс тамақтанса да жүрегі айнып, мазасы қашады. Мұндай жағдайда не істеген дұрыс?
Мамандар мәліметінше, жүрек айнуы немесе қыжыл сияқты жағымсыз сезім пайда болған кезде, жүкті әйел ең алдымен ас мәзіріне көңіл аудару қажет. Жүкті әйел қуырылған, ащы, майлы тағамдарды, қанық шай, сода мен шоколадтан бас тартқаны абзал. Алайда ол дұрыс тамақтанып жүргенімен, жүрек айну басылмаса, сүт өнімдеріне ден қою керек.
Дұрыс тамақтанып, тамақтану арасындағы үзілістерді ұзартпауға тырысқан дұрыс. "Аз мөлшерде, бірақ жиі тамақтаныңыз" деген алтын ережені ұстану керек. Оған қоса, асқазан аймағын қыспайтын кең киім киген жөн.
Сонымен қатар, тағам дәрумен, ақуыз және кальцийге бай болуы керек. Пайдалы минералдың көзі ретінде жасыл көкөніс, бұршақ, брокколиді тұтынуға болады. Сондай-ақ, ботқа, майсыз ет, көкөністер мен жемістерге артықшылық берген дұрыс.
Айта кетейік, бұған дейін жүкті әйел суық мезгілде неден сақ болуы керек екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Есік ашар деген қандай дәстүр?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә