ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткі таралуына жол бермеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында жүк көлігінің тіркемесі арқылы өткізу бекетінен жасырын өтуге әрекет жасаған 18 шетел азаматы анықталған.
ҰҚК баспасөз қызметі
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі дайындауға арналған, көлемі 5100 литр болатын прекурсордың ірі партиясы табылды.
ҰҚК баспасөз қызметі
"Жыл басынан бері 9 620 литр болатын химиялық заттың ("Тұз қышқылы", "Ацетон", "Фениппентан") және 1000 келі болатын "Бромкетон-4" затының заңсыз тасымалдануына жол берілмеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде есірткі зертханалары жойылды", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова