- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жүк көлігін жүргізетін...
Жүк көлігін жүргізетін 90 жастағы ер адам Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото:
Көрнекі сурет "КТК"
АҚШ-та 90 жастағы ер адам Гиннестің рекордтар кітабына жүк көлігінің әлемдегі ең қарт жүргізушісі ретінде енгізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mir24.tv-ға сілтеме жасап.
Канзас штатының тұрғыны Дойл Арчер 60 жылдан аса жүк көліктерін жүргізіп, Америка Құрама Штаттары бойынша миллиондаған шақырымдарды жүріп өткен. Жүк көлігінің жүргізушісі "зейнетке шығу" деген ойында жоғын айтып қалжыңдады.
"Денсаулығым жарап тұрғанша, көлік жүргізе беремін", - деді қарт.
Арчердің айтуынша, ол өмір бойы жүк көлігінің тіркемесінде тасымалдауға болатын барлық жүкті тасымалдаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек