"Жүк көлігі аударылып, ішіндегі жүк шашылып жатыр". Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Алматы облысындағы тасжолда бірнеше көлік жол апатына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматы-Қорғас тасжолында болған оқиғаның видеосы тарады. Видеодан жүк көлігі аударылып, ішіндегі жүк шашылып жатқанын көруге болады. 

@kuanysh03.05

♬ оригинальный звук - kuka0305

Алматы облысы полицейлері оқиға 26 ақпанда сағат 11:00-де Алматы-Шелек-Қорғас тасжолында болғанын айтады. 

MAN жүк көлігінің жүргізушісі артқы жартылай тіркеменің үзіліп, ол DAF автовозына соқты, ол соққы инерциясынан Mercedes-Benz маркалы автовозбен соқтығысты.

MAN жүк көлігі қозғалысты жалғастырып, шетке қарай құлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тасымалданатын автомобиль жүктері (автомашина түрінде) механикалық зақымданды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұл дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!