Жүгіне тамақ салған турист сотталып кете жаздады

Жүгіне тамақ салған турист сотталып кете жаздады
Фото: depositphotos.com

Таиландқа демалуға барған турист чемоданындағы шұжық пен балықтың кесірінен жазаға тартыла жаздады. Жергілікті кеден қызметкерлері оның жүгінен бес келіден аса әкелуге тыйым салынған азық-түлік тапқа, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турист өзімен бірге төс еті, кептірілген және ысталған балық, майшабақ, бірнеше шұжық пен сосиска алып барған. Әуежайдан шығар кезде қызметкерлер оның чемоданын рентген арқылы тексеріп, ішіндегі тағамдарды байқап қалған. Ер адамға екі таңдау ұсынылған: азық-түлікті тастап кету немесе 1000 бат, яғни шамамен 14 мың теңге айыппұл төлеу. Ол екінші нұсқаны таңдаған. Бақылау аймағынан шығып, ақша шешіп әкеліп, айыппұлды төлеген.

Таиландқа ет пен ет өнімдерін тіпті аз мөлшерде де кіргізуге болмайды. Бұл талапты бұзғандарға бірнеше жүз мың батқа дейін айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, қазір әуежайдағы бақылау күшейтілгені айтылады. Тыйым салынған азық-түлікті іздеуге кинологтар қызметінің 33 биглі жұмылдырылған.

Mash мәліметінше, басқа жолаушылардан тәркіленген кей өнімдер кейін туристерге данасы 100 баттан, яғни шамамен 1400 теңгеден қайта сатылуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget