Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қызды ерікті қалай көріп қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бес жасар қызды жүгері егістігінен көріп қалған "Регион 10" іздеу-құтқару жасағының еріктісі Анастасия Доможирова.
"Кеше іздеу жұмыстары кезінде ферма тұрған аймақты айналып өттік. Арғы бетінен шықтық, сол кезде қыз табылғанын айтып, бәрі айғайлап, дыбыстық хабарлама жібере бастады. Арғы бетінен кіргенде қасымда екі адам болған, сол кезде қыз алқаптан жүгіріп өткенін көрдік. Қызға қарай жүгіріп, айғайлай бастадым, себебі бәрі алыста жүр еді, сөйтіп қыз қайтадан жүгері алқабына қарай жүгіріп кетті", - дейді ерікті.
Сондықтан құтқарушылар мен еріктілер қызды Жамбыл аулынан 9 шақырым жердегі жүгері алқабынан іздей бастаған. Полиция мәліметінше, қыз әлі іздеуде. Түні бойы іздеу жұмыстары жүрген, жылуға ден қойғыш (тепловизор - еск.) қолданылған. Жалпы аймағы 33 гектар және 10 гектар жүгері және картоп алқабы тексерілді.
"Регион 10" іздеу-құтқару жасағының тағы бір еріктісі Ольга Сверетюктің айтуынша, бес жасар Мадина "Маша и Медведь" мультфильміндегі әнді ұнатады екен. Сондықтан іздеу кезінде қыз әнге қарай келе ме деген үмітпен сол мультфильмдегі музыка қосылған екен.