Мәдениет саласының үздігі, ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасына сурет жүктеп, оқырмандарын алаңдатып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жариялаған суреттерден оның айтарлықтай салмақ тастағаны көрінеді.
"Уақытты алма қыздар өткізіп,
"Алда" - деген өтірік қой, көп қызық.
Ертеңгіні ойлап бүгін, өмір сүр..
Арманыңды мәресіне жеткізіп…", - деп жазған ол.
Бұл суреттерді көрген өнер иесінің оқырмандары әншінің денсаулығына алаңдап қалған.
"И, жаным-ау Құрмашкин көзің ғана қалыпты ғой. Аман бол алтыным!", "Арықтаған жарасып қалыпты", "Қатты азыпсыз, басыңыз үлкен сияқты болып қалыпты, айып етпеңіз артық айтсам. Ауырып жүрсіз бе? Уайымдап қалдым", "Операция жасап күшті арықтапты", "Жасарып кетіпсіз. Алла қуат берсін", "Ойбай, қалай ғана жүдеп қалғансың?" - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қандай сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз