• 506.25
  • 490.7
  • 5.27

Жұбыңыз көзіңізге шөп салатынын бір әрекетінен білуге болады - психолог

Жұбыңыз көзіңізге шөп салатынын бір әрекетінен білуге болады - психолог
Фото: depositphotos.com

Психолог, сексолог Трейси Кокс жұбайынан күдіктенетін жандар үшін таптырмас психологиялық әрекеттерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru cайтына сілтеме жасап. 

Трейси Кокс жарының көзіне шөп салатындар телефондарын өздерімен бірге барлық жерде, тіпті душқа да алып кететінін айтты. Сонымен қатар олар жанында артық адам отырса сескеніп, телефонын бұғып ұстайтынын айтты. 

"Олар ұмытшақ бола бастайды. Бірге өткізген естеліктерді естен шығарып, әңгімеңізді назарсыз тыңдап бастайды. Бөлмеде жеке қалғанда есікті кілттеп алатынды шығарады", - деді психолог. 

Психологтың сөзінше, жарыңыздың сізді алдап жүргенін білгіңіз келсе, оған өткен шақты, бір оқиғаның нақты уақытына байланысты сұрақтар қойып көру керек. Сол оқиғадан кейін немесе дейін не болғанын сұрап көріңіз. Сол күні қандай тамақ жегенін, қайда, немен барғанын сұраңыз. Егер ол сол кезде қобалжып, есінен көп нәрсе шығып кеткенін айтса, күмән тудырсаңыз болады. 

"Опасыздық жасаған серіктестер кенеттен жаңа әдеттер көрсете бастайды. Чаттарды шатастырып, басқа жаққа жіберіп, сізге дұрыс көңіл бөлмей бастайды", - дейді маман. 

Сонымен қатар маман адамның мінезінің өзгеруін де назарға алу керектігін айтты. Оның сөзінше, егер адамның сізге деген көзқарасы, көңіл бөлуі, әңгімесі өзгеріп бастаса, дұрыстап сөйлесіп көрген жөн. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Литпин