Жітіқарадағы жанармай құю бекетінің қызметкері полицияға телефон соғып, белгісіз ер адамның кассадан ақша ұрлап кеткенін айтқан. Тергеу барысында тонау болмағаны анықталды, - деп хабарлайды "Наша газета".
Полицейлердің мәліметінше, әйел белгісіз біреудің қорқытып, кассадан 600 000 теңге алып кеткенін айтқан.
"Оқиға орнын тексеріп, жанар-жағармай құю станциясының операторынан жауап алу кезінде полицейлер берілген ақпараттың растығына күмән келтірген. Кейінірек әйел бұл қылмысты ақша жымқыру мақсатында ұйымдастырылғанын мойындаған", - деді Қостанай облыстық полиция басқармасының бастығы Ерлан Омарбеков Facebook-парақшасында.
Ведомство мәліметінше, жәбірленушіге қатысты "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша соталды тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!