Жіті қадағалап отыр: Тоқаев Иордания короліне хат жолдады

Жіті қадағалап отыр: Тоқаев Иордания короліне хат жолдады
Фото: depositphotos.com

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. 

"Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті", - деді ол. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget