Күн бір суып, бір жылыған кезде адамдар жиі тұмауратып қалады. Тұмаудың жағымсыз белгілерінің арасында жөтел де бар. Тұмау кезінде жылы шай ішу өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі. Жөтелден арылу үшін қандай шайлар ішкен жөн?
Ескерту: қандай да бір шай түрін ішпес бұрын оның нұсқаулығымен танысып, сізге қарсыкөрсетілім бар-жоғын біліп алыңыз.
Көк шай
Көк шайда қабынуға және бактерияларға қарсы биологиялық белсенді өсімдік қосылыстары көп. Көк шай жөтелді жеңілдететін құрал ретінде танымал. Оған қоса, оның құрамында кофеин бар, ол тұмау кезінде өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
Түймедақ шайы
Түймедақ шайы құрамындағы апигенин антиоксидантының арқасында жақсы ұйықтауға ықпал етеді. Тұмау кезінде жылдам жазылу үшін жақсы ұйықтау маңызды. Сондай-ақ түмейдақ шайында пайдалы өсімдік қосылыстары көп болғандықтан, ол қабынуға қарсы қасиетке ие. Ол жөтелмен және тамақтағы жағымсыздықпен күресуге көмектеседі. Оған қоса, түймедақта квертецин деп аталатын антиоксидант бар: ол иммунды жүйенің жақсырақ жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Жалбыз шайы
Егер жылдам жазылғыңыз келсе және жағымды хош иістен ләззат алғыңыз келсе, жалбыз шайын демдеңіз. Ол босаңсуға көмектеседі және ол қабынуға қарсы қасиетке ие. Шай құрамындағы ментолдың эфир майлары мұрын бітелген кезде тыныс алуды жеңілдетуге көмектеседі.
Жалбызтікен тамырының шайы
Жалбызтікен тамыры құрғақ жөтелмен күреседі. Ол тамақтың қабынған тіндерін тыныштандырады және ылғалдандырады. Сондай-ақ ол құрғақ жөтелді ылғал жөтелге айналдыруға көмектеседі. Сондықтан қақырық оңай шығып, жылдам жазыласыз.
Зімбір шайы
Зімбір – иммунды жүйеңізге ең пайдалы өсімдіктердің бірі. Одан дайындалған шай тұмау белгілерімен күресуге көмектеседі. Ол қақырық шығарушы құрал ретінде әсер етеді. Сондай-ақ ол жүрек айнуды басады, қабынумен күреседі, асқорытуды жақсартады және ауырсынуды басады.
Қызылкүрең шайы
Қызылкүрең (эхинация) – тыныс алу жолдарының инфекциясын жоюға арналған құрал. Мұндай шай қабынуға қарсы қасиетке ие. Ол иммунды жүйені қатайтуға көмектеседі. Қызылкүреңде сапониндер деп аталатын эфир майлары бар, олар ағзаға жағымды әсер етіп, жөтелді басады.
Бөрітарақ шайы
Бөрітарақ (гибискус) шайы антиоксиданттарға және С дәруменіне бай. Ол дене қызуын түсіруге және құрғақ жөтелді жеңілдетуге көмектеседі.
Эвкалипт шайы
Эвкалипт жапырақтарынан дайындалған шай қабынуға қарсы қасиетке ие. Оны ішіп қана қоймай, сондай-ақ онымен тамақ шаюға болады. Ол тамақтағы қабынуды тыныштандырады.