Кейде адамдар бойындағы өзгерістерді байқаса да, оны елемей жүре береді. Ал онкологиялық аурудың кез келген түрін жеңу үшін науқас уақытылы ем қабылдауы қажет. Сондықтан Massaget.kz тілшісі адам өлімінің ең көп таралған себебінің бірі өкпе қатерлі ісінігінің алғашқы белгілері қандай болатынын анықтап көрді.
Өкпе қатерлі ісігі - өкпе тінін құрайтын қалыпты жасушалар өзгеріп, бақылаусыз бөлініп, қатерлі ісік түзе бастайтын ауру.
Қатерлі ісік тұқым қуалайтын ауру болғандықтан, егер жақын туыстарыңыздың бірі онкологиялық аурудың бір түрімен ауырса, сіздің де ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Сондықтан ауру тудыруы мүмкін факторларға тұқым қуалайтын бейімділік, ұшпа канцерогендермен үнемі байланыста болу, кеуде қуысының шамадан тыс сәулеленуі, генетикалық бұзылу, вирус, алкогольді шамадан тыс ішу және жеткіліксіз тамақтану жатады.
Тәуекел тобында:
Ал адамның іс-әрекетіне қатысы жоқ факторларға 50 жастан асқан жас, эндокриндік бұзылулар, өкпенің созылмалы аурулары жатады.
Өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай?
Өкпе қатерлі ісігінің байқалатын белгілерінің болу-болмауы оның даму кезеңіне, жақын не алыс орналасқан ішкі органдардың қатысуына байланысты.
Асимптоматикалық кезеңде не белгі мүлде болмайды не белгі мән беріп, айтарлықтай айқын емес, сондықтан адам оларды аурумен емес, көбінесе қарапайым шаршаумен байланыстырады. Оларға ұйқышылдық, әлсіздік, өнімділіктің төмендеуі, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту жатады.
Өкпе қатерлі ісігінің ең көп тараған белгілері:
Қатерлі ісік пневмониясы, плеврит, өкпеден қан кету секілді келесі белгілер аурудың асқынуымен байланысты.
Өкпе қатерлі ісігінің қалай алдын алуға болады?
Айта кетейік, бұған дейін сізде қатерлі ісік бар-жоғын қалай анықтауға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күнде фастфуд жесе не болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!