- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұшақ апаты
“Жоспарымыз көп еді“. Тележүргізуші ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандық туралы айтты
Қазақстандық тележүргізуші Санди Сұлтан 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатынан 11 жастағы ұлымен бірге қаза тапқан астаналық Гауһар Шаймерденова туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тележүргізушінің айтуынша, олар бірнеше жыл бұрын танысқан.
"Гауһар маған (шешендік өнер курсына - еск.) 9 жыл бұрын оқуға келді, содан бері доспыз. Өте мейірімді, қамқор, ұқыпты, шынайы, әдемі жасыл көз иесі еді. Өте мықты, тәуелсіз, еркін, саяхаттауды жақсы көретін", - дейді Санди Сұлтан.
Тележүргізуші Гауһар Шаймерденованың нотариус болып жұмыс істегенін, ұлдарын жақсы көргенін, сондай-ақ анасына қамқор болғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Достарына аса қамқор еді. Біз бәріміз отбасыларымызбен дос едік. Бізге сыйлықтар әкелетін", - дейді әйел.
Санди Сұлтан марқұммен құрдас болғанын, биыл Гауһар Шаймерденова 49 жасқа толғанын айтты.
Әйелдің айтуынша, Гауһар Шаймерденованың үлкен ұлы Аустралиядан жақында келген.
"Ол музыкант, Гауһар оны қолдап, барлық жағынан көмектесті", - деді жүргізуші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Сенен жауап келеді деген үмітпен жазған едім...", - деп жазған ол желідегі парақшасында.
Гауһар Шаймерденова марқұм болған қазақстандықтардың тізіміндегі кенже ұлы Эльдармен бірге ұшқан. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ол туралы жазған хабарламаны таратты. Баланың ұстаздарының айтуынша, ол өзін білетін әрбір адамның жүрегінде жарқын естелік қалдырған дарынды, мейірімді және еңбекқор бала болған.
Еске салайық, Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Әзербайжан ұшағы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын. Жолаушылар рейсі қалың тұманға байланысты Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағыт алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған:
- 42 Әзербайжан азаматы;
- 16 Ресей азаматы;
- 6 Қазақстан азаматы;
- 3 Қырғызстан азаматы;
- және азаматтығы белгісіз екі әйел, біреуі шамамен 32 жаста, екіншісі шамамен 40 жаста.
Azerbaijan Airlines жолаушылардың толық тізімін жариялады.
Кейінгі мәліметтер бойынша, аман қалған 29 адам - Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары.
Апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағы туралы не белгілі?
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ - қысқа және орта қашықтыққа ұшу үшін кеңінен қолданылатын қос қозғалтқышты Embraer ERJ-190. Ұшақтарды бразилиялық компания шығарады. ERJ-190 (E190) моделі кабинаның конфигурациясына байланысты 96-дан 114 жолаушыны тасымалдауға арналған. Бұл ұшақтар 4500 шақырымға дейін ұша алады.
Flightaware деректеріне сәйкес, ұшақ әуежайдан белгіленген уақыттан 11 минут бұрын ұшып кеткен. Каспий теңізінің үстінде крейсерлік биіктікте ұшақ шұғыл 7700 сигналын берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек