- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жоспарланбаған шопингті кімдер...
Жоспарланбаған шопингті кімдер жиі жасайды? Психиатр жауабы
Ең белсенді онлайн тұтынушылар 18-23 жас аралығындағы жастар тобында шоғырланған. Олардың әрбір бестен бірі аптасына бірнеше рет және одан да жиі онлайн тапсырыс береді, ал осы топтағы тұрақты онлайн сатып алушылардың үлесі 81 пайыз. Психиатр Андрей Шмилович неліктен бұлай болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru-ға сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, ең белсенді онлайн-тұтынушылар неліктен жастар тобында шоғырланғандығының ешқандай психопатологиялық негізі жоқ.
"Жоғары белсенділік және жиі онлайн сатып алу - бұл уақыт ағымы. 18-23 жас немесе 23-30 жас және 30-40 жас аралығындағы топ арасында түбегейлі айырмашылық жоқ деп ойлаймын. Мұндай мүмкіндікті алған адамдардың көпшілігі, әрине, күш пен уақытты үнемдейді", - деді ол.
Андрей Шмилович шопоголизмнің әлеуметтік желілер мен интернеттегі жарнамамен қаншалық байланысты болуы мүмкін екенін айтты.
"Мен заманауи жарнама 10 немесе 20 жылдағыға қарағанда қатты көбейіп кетті деп ойламаймын. Бірақ мен мұны шопоголизм деп санамаймын. Шопоголизм - өте ауыр психикалық ауру, бұл диагноз дүкендерде сатып алу жиілігі мен саны бойынша ғана қойылмайды", - деді ол.
Психиатр жастар неліктен еш ойланбастан пайдасы жоқ дүниені сатып алатынын түсіндірді.
"Бұл жастар арасында ғана емес, әртүрлі жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Қарапайым невротикалық тәжірибелерден бастап кез келген ауыр психопатологиялық бұзылуларға, маникальды жағдайларға, сандырақ, сананың бұзылуына және белгілі бір ауруларға дейін. Бірақ бұл өте сирек кездесетін жағдай. Ал пайдасы жоқ заттарды сатып алу көбінесе адамның импульсивтілігінен болады", - деді ол.
Психиатр бұл құбылыстың шопоголизм емес екенін еске салып, бұдан әлеуметтік жастар кемістігін жасаудың қажеті жоғын айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә