ЖОО және колледж студенттерін бопсалаумен айналысқандар ұсталды

Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екі қалада ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін бопсалаумен айналысқан маргиналды жастар арасынан 2 адамды ұстау бойынша сәтті операция жүргізілді.

Олар жастарға қоқан-лоқы көрсетіп, зорлық-зомбылық жасап, ақша, материалдық құндылық сұрап, тауар ретінде де, ақшалай да несие рәсімдеуді талап еткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша ұсталғандарға қатысты бопсалауға байланысты 10-нан аса құқықбұзушылық тіркелген.

ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар іс-шара өткізіп, күдіктілердің кінәсін дәлелдеуге және оларды ұстауға мүмкіндік беретін дәлелдер жинаған.

"Полиция өңірдегі студенттер мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысты жалғастырады", - деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз