Жоңғар Алатауындағы қар барыстары жасырын камераға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 90 фотоқақпан сирек кездесетін жануарлардың мекендейтін жеріне құрылды.
Зерттеу қар барысының Жоңғар Алатауын мекендейтінін көрсетті. Шараны ұйымдастырушылар барыстардың жойылып бара жатқанына қоғамның назарын аудару мақсатында актер Максим Акбаров пен видеоблогер Нұрлан Батыровты шақырды.
Қазақстан нышанына айналған қар барысы жойылып бара жатқан жануар ретінде Қызыл кітапқа енген. Ілбістердің тым аз қалуы биологтардың үрейін туғызып отыр, сондықтан да олар бұл жануарды зерттеуді қолға алды. Қазақстанда 130 қар барысы қалды. "Ілбіс" жобасы Биоалуантүрлілікті сақтау Ассоциациясының ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің қолдауымен құрылды. Жобаға "Ілбіс" брендімен Carlsberg Kazakhstan компаниясы қолдау көрсетті, ал басты ақпараттық серіктес Tengrinews.kz болды.
Айта кетейік, видеодан Жоңғар Алатауын мекендейтін тау ешкілерін, маралдарды, аюлар мен балпақтарды, кекіліктерді де көруге болады.