- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жолын жабуға тырысқан"....
"Жолын жабуға тырысқан". Танымал әншілер сахнадан не үшін кетті?
Жақында тұрмысқа шыққан әнші Ерке Есмахан өнерден алшақтағысы келетінін айтқан еді. Бүгінде сахнада өнер әлемінен кетіп, блог немесе кәсіппен айналысып жүрген жұлдыздар бар. Massaget.kz тілшісі сахнаға ара-тұра шығып жүрген өнер адамдарына шолу жасады.
Динара Қырықбаева
Әнші Динара Қырықбаева сахнадан мүлде көрінбей, блогерлікке бет бұрған әншілердің бірі. Қырықбаеваның ән шығармай кеткеніне де бірнеше жыл болған. Бүгінде ол Instagram-парақшасын белсенді жүргізіп, вайн түсірумен айналысып жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үш баланың анасы Динара парақшасында көбіне отбасылық тақырыпқа қатысты әзіл видеолар түсіреді. Айта кетейік, үш жыл бұрын Динара күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын.
Рахат Тұрлыханов
Рахат Тұрлыханов өнер әлемінен алыстағаннан кейін көптің есінде тек танымал әнші ретінде емес, сонымен қатар, қоғам қайраткері ретінде қалған. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеп үлгерді. Кейінгі жылдары Тұрлыханов IT саласын инвестициялап жүргені белгілі.
Әнші жаңа ән жазып, шықпай кеткенімен ара-тұра бұрын көптің жүрегінен орын таба білген әндерін сахнада орындап тұрады.
Sanda
Sanda лақап атымен белгілі болған әнші "Асқақ арманым" атты әнімен тыңдарманының жүрегінен орын таба білген еді. Алайда бүгінде әнші мүлде сахнадан көрінбейді. Бес жыл бұрын берген сұхбаттарының бірінде Санда экс-продюсері Ерік Тастембековпен тіл табыса алмағанын айтқан.
"Ерік Тастембековпен үш жылдай жұмыс істедік. Одан кейін бір жағдай болды. Оны айтқым келмейді. Сол үшін келісімшартты бұзуға тура келді. Бірақ енді қазақстандық продюсерлермен енді жұмыс істеймін деп ойламаймын", - деді әнші Revue NTK бағдарламасына берген сұхбатында.
Әншінің сөзінше, экс-продюсері Санданың жолын жабуға тырысқан екен.
"Сондай ой да, қадам да болды. Бірақ мен еркіндікті таңдадым. Ары қарай жұмыс істей алмадым. Жолымды жауып... Продюсерлерден болып тұрады ғой", - дейді Санда.
Елизат Берікова
Көпшілікке "Лашын" тобындағы мүше болып жүрген кезінде танылған әнші Елизат Берікова бүгінде сұлулық салоны саласына бет бұрған. Одан бөлек, Елизат әншілікті қойып, арасында отандық сериалдарда бой көрсетіп тұрады.
Елизат Instagram-парақшасында визаж әлеміне қалай келгенін түсіндірген болатын. Оның сөзінше, бұл ол үшін ауыр сұрақ.
"Себебі визажист боламын деген шешім тура ажырасамын деген шешіммен қатар, бір күнде келді. Қалтамда бір тиын болмай, бірақ әрі қарай қалай да өмір сүру керек, балаларымды көтеру керек, репутациямды құлатпау керек деген ойымның арқасында, бірталай қиындық көріп, ақырында жаңа деңгейге өсіп шыға келдім. Осы жақын арада, қыздарды, әйелдерді қолдау, және мотивация беру ретінде, өзімнің оқиғамды айтамын деп шештім", - дейді әнші.
Балжан Бидаш
КешYOU тобының экс-солисі Балжан Бидаш та сахна төрінен көптен бері көрінбей кеткен. Оған себеп - тұрмысқа шығуы болған.
"Бізде келісімшарт болған. "Балжан, мен сені қатты жақсы көремін. Сен маған қымбатсың. Бірақ сенің сахнаға шыққаныңды қаламаймын" дедім. Маған сахнада жүрген әйел керек емес. Мен ұйқыдан тұрған кезде әйелім таңғы асымды дайындап отыруы керек. Гастрольдік сапарда жүрмін, концертке кетіп қалдым, студияда отырмын деген керек емес. Бастапқыда бір жылдай жанжал тек осы үшін болатын", - деп түсіндірген болатын Балжанның күйеуі актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина