- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жолсерік пен жолаушылар...
Жолсерік пен жолаушылар Алматы-Атырау пойызында әйелді босандырып алды
Алматы мен Атырау бағытындағы жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темі жолы" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 маусымда Алматы-Атырау бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының Ноғайлы станциясы маңында жолаушының толғағы басталып, пойыз бригадасының мүшелері әйелді босандырып алды.
Жолсеріктер пойыз машинисіне жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылғанын хабарлады. Жолаушылар мен жолсеріктер әйелді босандырып алды.
"Жолаушыларымыз Карина Балғаным мен Ақмамық Бекеноваға алғыс айтамыз. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында пойызда ұл бала аман-есен дүниеге келді", - дейді вагон жолсерігі Марал Әділбекова.
Марал Әділбекова теміржолда 15 жыл еңбек етсе, оның 12 жылы Атырау бағытындағы жолаушылар пойыздарының жолсерігі болып қызмет атқарған.
Сағыз станцисында ана мен жаңа туған нәресте жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек