Майқұдықтағы ұзын көшеде 2020 жылдан бері жалғасып келе жатқан күрделі қайта құру жұмыстары жанжалға әкеп соқтырды. Прокуратура қызметкерлері құрылыстың сапасын тексеруге шешім қабылдап, нәтижесінде бірқатар жұмыстың тек қағаз жүзінде орындалғанын аңғарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Карл Маркс Магнитогорск жолының 11 шақырымдық күрделі жөндеуі бірнеше жылға созылды және бірқатар жанжалдармен есте қалды. Тұрғындар мезгіл сайын жұмыстың ұзаққа созылғанына шағымданды. Одан бөлек, басқа да шағымдар болды. Жөндеу жұмыстары өткен жылы аяқталды, дегенмен бірқатар мәселелер осы жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал, прокуратура қызметкерлері болса, жұмыстың сапасын тексеруге кірісіп, бірқатар сәйкессіздіктерге тап болды. Осылайша, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойылғанымен, нақты мәлімделген жұмыс көлемі сәйкес келмеген немесе мүлдем болмаған да. Жалпы алғанда, жолды жөндеуге шамамен 12 миллиард теңге бөлініп, оның 2 миллиардтан астамы қайда кеткені ешкімге беймәлім болып отыр. Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
"Тексеріс нәтижесі бойынша орындалмаған жұмыстарға орындалды деп қол қойылған актілер анықталды. 2 миллиард теңге көлемінде ақша жымқырылған. Бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды" дейді, Қарағанды облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Бекзат Ахметов
Жандос Бақытұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!