- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жолдың патшайымы". Желіде...
"Жолдың патшайымы". Желіде жүргізуші қыздың дөрекі мінез-құлқы түсірілген видео тарады
Желіде Ақтаудағы көлік жүргізушісінің әрекеті түсірілген видео тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.
"Мына қыз өзін патшайыммын деп ойлайды-ау", - деп жазылған видео сипаттамасында.
Кадрларда қызыл көлік жол ортасында бұрылып, қос сызықты кесіп өтіп бара жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, ол басты жолақпен келе жатқан көлікке жол бергісі келмей, әрі қарай жүруге тырысады.
Біраз уақыттан кейін оқиға жанжалға ұласады: жол ережесін бұзған қыз видео авторын қуып жетіп, оны өткізіп жібермегенін айтып, шағымдана бастайды.
Видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Ол қазірдің өзінде 1,3 миллионнан аса қаралым мен 1000 пікір жинаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан