Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Қазақстанда орнатылған барлық камераның жұмысын тексеріп шығуды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олжас Бектенов көлік жүргізушілері рөлде отырғанда ұялы телефон пайдалануына бақылауды күшейту қажет екенін баса айтты. Жол апаттарының негізгі бөлігі елді мекендерде тіркеледі.
"Жолдардағы автоматтандырылған жүйелер көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану дерегін анықтауға бағытталуға тиіс. Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, барлық камераның жұмысын тексеріп шыққаны жөн", - деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы жаяу жүргіншілерға қатысты оқиғаларға тоқталды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін адамдарға жауапкершілікті қатаңдату қажет екені айтылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова