- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жолдасыма ұнамады". Әсел...
"Жолдасыма ұнамады". Әсел Сәдуақасова жеке өміріне қатысты сырын бөлісті
Актриса Әсел Сәдуақасова отбасында жолдасымен табысты қалай бөлетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Alibekov youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Өнер иесі отбасындағы барлық шығындарды жолдасы төлейтінін айтты.
"Оның қанша табатынын білмеймін. Бізде отбасыға қатысты барлық қажеттіліктерді жолдасым төлейді. Ұшақ билеттері, жүріс-тұрыс, тамақ деген секілді ғой. Егер маған ақша қажет болса, одан сұрап аламын немесе кейде өзі береді. Өз қаражатымды білім алуға, керек заттарға жұмсаймын. Маған қаржылық тәуелсіздік өте маңызды. Менің ақшам - бұл менің ақшам. Өткен жылы енді үйленген кезде "бірге ақша жинайық, үй алайық" дегенмін. Бірақ оған ұнамады. Іштей не ойлағанын білмеймін. Содан кейін отбасының жауапкершілігін өзіне алғанын түсіндім", - деді актриса.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы