Танымал блогер Ырысбала Икрамбай жолдасы газга уланып өмірден озған, көпбалалы анаға баспананың кілтін табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің айтуынша, бес баланың біріне ерекше диагноз қойылған. Бұл "Ырысты армияның" 95 баспанасы.
"1995 жылғымын өзім - 95 үйді табыстап тұрмыз,көппен бірігіп ЫРЫСТЫ АРМИЯ болып!
Пейілі мен ниетіне керемет баспана бұйырып тұр екен.
Жолдасы газға уланып өмірден өткен,бес балалы ана,бір баласы ерекше,жолдасы өмірден өткеннен кейін жүкті екенін біліп я қуанарын я қуанбасын білмей жүрген ана екен.
Осындай қиын сәтте қорған болған,қолдау болған қазақ елі мың алғыс сіздерге!" - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Халықтың ақшасына байып, талтаңдап қалды дегендер, қайдасыңдар?" Ырысбала Икрамбай тағы бір отбасына пәтер сыйлағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Босанғаннан кейінгі депрессияның белгілері қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!