- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жолдарың болсын". Желіде...
"Жолдарың болсын". Желіде әйелдің өртсөндірушілерге айтқан тілегі жұртты елжіретті
Қостанай облысының тұрғыны жанынан өтіп бара жатқан өртсөндіруші машиналарын видеоға түсіріп, көзіне жас алды. Оның жағдайды сипаттауы алапат орман өртімен күресу үшін өз өмірлерін қатерге тігетін өртсөндірушілерге арналған дұғаға айналды. Видео желі қолданушыларын елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода әйел облыстың Әулиекөл ауданындағы Тимофеевкадан өрт сөндіру машиналарының өтіп бара жатқанын сипаттады.
"Міне, өртсөндіруші көліктер. Жолдарың болсын! Аман-есен жетіңдер! Міне, олар кетіп бара жатыр. Алла тілеулеріңді берсін! Аман-есен үйлеріңе жетіңдер! Рақмет! Мың алғыс! Алла сіздерге разы болсын. Біреудің баласы, біреудің ағасы. Жолдарың болсын! Еңбектеріңнің жемісін көріңдер", - деді әйел көзіне жас алып.
Желі қолданушылары әйел мен өрт сөндірушілерге қолдау білдірді.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұл видео министр Юрий Ильин өрт оқшауланғанын жариялағаннан кейін түсірілгенін хабарлады.
"Бұл видео Нұр-Сұлтан гарнизоны күштері мен құралдары үйлеріне қайтып бара жатқанда түсірілген. Шынымды айтсам, өртсөндіруші үшін халықтың алғысы - ең үлкен марапат. Біз бұл видеоны көрдік. Жылы сөзді естігенімізге қуанамыз. Қазір басқа гарнизондар да тұрақты орналасу орындарына қайта оралады", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек