- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жолдар Түркістанда тоғысады:...
Жолдар Түркістанда тоғысады: 29 қазанда Turkistan Marathon осымен екінші рет өтеді
2023 жылғы 29 қазанда қадам басқан сайын түркі әлемінің тарихы мен мәдениеті жанданатын Түркістан қаласында Turkistan Marathon осымен екінші рет өтеді. 3000 адам әдемі тарихи жерлерден жүгіріп өтеді. Сөре мен мәре Visit Centre Turkistan жанында орналасады, әрі қарай маршрут Бекзат Саттарханов даңғылының бойымен әуежай жаққа және кері бағытта мәреге қарай өтеді.
Фото: Константин Чалабов
2023 жылы жарыста 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс және 3 км (10-14 жас) қашықтықтары ұсынылады. Бүкіл Қазақстаннан және көршілес елдерден үш мың қатысушы болады деп күтілуде. Turkistan Marathon аясында сондай-ақ марафон (42,2 км) және 10 км-ге жүгіру жарысы бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.
Turkistan Marathon трассасы небәрі 70 метрге жуық биіктікке көтерілетін жазық бедерімен ерекшеленеді. Бұл марафонды жаңадан бастаушылар мен орташа деңгейдегі жүгірушілерге де, жүгіру маусымын сәтті аяқтауға және жеке нәтижелерін жақсартуға ұмтылатын тәжірибелі спортшыларға да қолжетімді етеді. Марафон AIMS Халықаралық жарыстар мен жүгірулер қауымдастығына кіреді, ал трассалар World Athletics стандарттарына сәйкес сертификатталған.
Фото: Константин Чалабов
Түркістан марафонының өз қашықтықтарын еңсерген барлық қатысушылары мәре сызығында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бейнеленген жарқын этникалық стильдегі медаль алады. Жас санаттарындағы жүлдегерлер мен абсолютті санаттағы жеңімпаздар серіктестер мен демеушілер ұсынған бағалы жүлделермен марапатталады.
"Біз Қазақстанның бай тарихы бар ең әдемі қалаларының бірі - Түркістанда марафон өткізетінімізге қуаныштымыз. Turkistan Marathon -спортты, демалысты және осы таңғажайып жердің бірегей тарихы туралы білімді біріктірудің тамаша мүмкіндігі. Біз осы ұмытылмас тәжірибені қатысушыларымызбен бөлісу үшін оны тағатсыздана күтеміз", - деді "Бірінші болу - батылдық" қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
Фото: Константин Чалабов
Қатысу құны: 10 км - 7 500 KZT, 10 км скандинавиялық жүріс - 7 500 KZT, 21,1 км - 8 500 KZT, 42,2 км - 9 500 KZT, 3 км (10-14 жастағы балалар) - 5 500 KZT.42,2 қашықтығына барлық слоттар сатылып қойды.
Тіркеу Almaty-marathon.kz сайтында ашылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина