Жолда қалған ондаған адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жолда қалған бірнеше адамға көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін түнде Ақмола облысындағы Аршалы ауданы Ижевское ауылының маңында өрісте, жеңіл автокөлік кептеліп қалды. Жүргізуші өздігінен шыға алмай, құтқарушылардан көмек сұрады.

Құтқарушылар жоғары өтпелі автокөлікпен оқиға орнына жетіп, 2 адамды Аршалы кентіне эвакуациялады. Медициналық көмек қажет болмады.

Сонымен қатар ТЖМ құтқарушылары ақауы бар автобустан 34 адамды эвакуациялады.

Оқиға бүгін таңертең Алматы-Екатеринбург тасжолында ақауы бар автобустан жолаушыларды кезекті шұғыл эвакуациялау жүргізілді. Құтқарушылар 34 адамды құтқарып, жақын маңдағы ауылға жеткізді.

Рейстік автобус Астана-Шымкент бағытында келе жатқан, бірақ 900 шақырымда техникалық ақау орын алған. Құтқарушылардың жедел жұмысының арқасында олар Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!