- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жолда ешкім тоқтамады":...
"Жолда ешкім тоқтамады": Қостанай облысында малшы үш күн адасқан
Қостанай облысында қатты аязда жоғалып кеткен адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ол үш күн іздестірілген.
"13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда жергілікті малшылардың жылқылары жоғалып кеткен. Малшылар көлікпен іздеуге шығып, оларды Ақмола облысынан тапты. Көлік қарда тұрып қалды. Малшылардың біреуі жылқыларды күзетуге қалып, жоғалып кетті", - деп жазылған хабарламада.
Үш күн ішінде ауа райы қолайсыз болса да 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмыстарын тоқтатпаған.
"16 қаңтарда Астана қаласынан жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ келді. Жоғалған малшыны Восточное ауылының маңында полиция қызметкері тапты. Малшыны үсік шалған, ол Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
alau.kz мәліметінше, ер адам үш күн бойы далада болғанын, адамдарды немесе жолды табуға тырысқанын айтқан. Үш күн бойы нәр татпаған. Ол 16 қаңтарда кешке жолды тапқанын жеткізді. Бұл Жезқазған-Петропавл тасжолы болып шықты.
Оның айтуынша, жолда өтіп бара жатқан көліктерді көрген, өкінішке қарай, оған көмектесу үшін ешкім тоқтамаған. Алайда ер адам жол бойымен жүре берген, нәтижесінде полиция тапты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова