Ақмола облысында жол бойында екі жігітті көлік қағып кетті. Олар көлік жөндеп тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 11 қыркүйек түнінде Астана – Петропавл республикалық трассасының 178-шақырымында болған. Екі жігіт көліктің дөңгелегін ауыстыру үшін жол жиегінде тоқтаған.
Сол сәтте өтіп бара жатқан Nissan Almera автокөлігінің жүргізушісі оларды байқамай, қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккендердің бірі – 21 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Ал екінші 21 жастағы жігіт Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.
Бұл дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек