Астанада қоғамдық көлікте газ баллонын шашқан жолаушы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға автобус салонында болған. Екі таныс арасында жанжал шығып, 18 жастағы жолаушы автобустан түсіп бара жатқан досына газ шашқан.
Соның әсерінен жолаушылар жөтеліп, тынысы тарылған. Автобус жүргізушісі бірден көлікті тоқтатып, салонды желдетіп, полиция шақырған. Жолаушылардың ешқайсына медициналық көмек қажет болмаған.
Полиция тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!