Ташкентте жолаушылар құлаған заттарын көтеру үшін метро рельсіне секірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Ташкент метрополитен қызметкерлері кейінгі 15 күнде жолаушылар рельске түскен үш жағдай тіркелгенін айтты. Станция қызметкерлері үш адамды дереу платформаға шығарып алған. Жолаушылар бұл қадамға заттары түсіп кеткендіктен барғанын айтқан.
Мамандар метро рельстері 825 вольтты жоғары кернеуге ие екенін, бұл адам өміріне қауіпті және өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін айтады. Тіпті кернеуі небәрі 42 вольт электр тогы адам өміріне қауіп төндіреді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Телефон неге қызып кете береді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз