Жолаушы тежегішті басып үлгерген: Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды

Жолаушы тежегішті басып үлгерген: Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды
Фото: instagram.com/megapolis.kz/reels/

Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматыэлектротранс" ЖШС №92 автобуста болған төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді.

"25 қаңтарда сағат 14:35-те диспетчерлік қызметке №92 автобус жүргізушісінің денсаулығы кенет нашарлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесі қиылысында болды. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегішті басып, қауіптің алдын алды", - деп жазылған хабарламада.

Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер жүргізуші қайтыс болғанын анықтаған. Алдын ала диагноз - миокард инфаркті.

"Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері келді. Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY | ASTANA 🇰🇿 (@megapolis.kz)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget