- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ұрлық туралы
Жолаушы такси жүргізушінің телефонын қолды қылған
Астанада жолаушы такси жүргізушінің телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Такси жүргізушісі полицияға телефоны ұрланғанын айтып шағымданған. Оның сөзінше, жолаушы жолдан оны тоқтатып, белгіленген жерге апарып салуын өтінген. Кейін көліктің салонында екі орындықтың ортасындағы тіректе тұрған телефонды ұрлап, көліктен түсіп кеткен.
Жүргізуші біраз уақыттан соң телефоны жоғалғанын байқап, полицияға хабарласады. Осылайша, жәбірленушіге 280 мың теңгеден аса шығын келген.
"Жедел іздестіру шараларының негізінде Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні анықтап, үйінен ұстады. Күдікті телефонды иесіне қайтарып берді. Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Айта кетейік, ІІМ мәліметінше, биыл ұялы телефон ұрлығы 31,2 пайызға төмендеген (10 051-ден 6 919-ға дейін).
Ұялы телефон ұрлығының ең көбі Алматыда (1 989) және Астанада (669), ең азы Ұлытау облысында (54) тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова