Жолаушы Пхукет - Алматы бағытындағы ұшақ бортында өз орнында дәрет сындырған

Жолаушы Пхукет - Алматы бағытындағы ұшақ бортында өз орнында дәрет сындырған
Фото: depositphotos.com

Мас шетелдік азамат ұшақ бортында қоғамдық тәртіпті бұзды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Пхукет - Алматы бағытындағы рейсте болған. Әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ бортындағы қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушыны акт бойынша ұстаған.

Тексеріс барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 42 жастағы азаматын анықтаған.

"Ол масаң күйде салондағы өз орнында кіші дәрет сындырған. Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің бірден екі бабы, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биылғы жылдың бірінші тоқсанында полиция қызметкерлері 21 441 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келген 1648, ұсақ бұзақылық жасаған 163 дерек тіркелген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget