Майами әуежайында қалтасына тірі жыландарды салып алған жолаушы рейске отырмақ болған. Ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі CBS арнасына сілтеме жасап.
Көлік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері күдікті жолаушыға назар аударған. Олар ер адамның қолындағы кішкентай қапшықты байқаған. Ол форма киген адамдарды көргенде қапшықты қалтасына сала қойған.
Ер адамды қосымша тексеру кезінде, оның қолындағы қапшықта тірі жыландар бары анықталды. Бауырымен жорғалаушылар Флориданың балық пен жабайы табиғатты қорғау комиссиясына тапсырылды.
Ер адамның қандай жазаға тартылғаны хабарланбаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!