Жол үстіндегі жүгенсіздік: Түркістан облысында нөмірсіз жүрген көліктер жүк көлігінің жүргізушісін қуған

Түркістан облысындағы тасжолда белгісіз біреулер жүк көлігін қуалап, жүргізушіні тоқтауға мәжбүрлеген. Жолдағы бұзақылық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ бес көлік ауыр жүк көлігін қуалап, жүргізушіні тоқтауға немесе қауіпті маневр жасауға мәжбүрлеп, жолын бөгегені туралы ақпарат тарады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, жедел жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде оқиғаға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде көлікке зақым келтіру, жолаушылардың біріне дене жарақатын салу дерегі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!