Жол үстінде торт жасаған: Түркістан облысында ерлі-зайыпты жауапқа тартылды

Түркістан облысында қауіпті видео түсірген ерлі-зайыпты жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарыағаш ауданында жүріп бара жатқан көліктің люгінен шығып, жол үстінде торт жасаған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Қауіпті кадр полицияның назарына ілігіп, тәртіп сақшылары KIA Ceed көлігін және оның жүргізушісін жедел анықтаған.

Тексеріс барысында көлікті 36 жастағы ер адам - әйелдің жұбайы тізгіндегені, ал 35 жастағы әйел люктен шығып, торт жасағаны белгілі болды.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған ерлі-зайыптыға тиісті әкімшілік шаралар қабылданды", - деді ІІМ өкілдері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!