Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды

Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодарда полицейлер жол ережесін бұзған экстремальды жүргізушілерді жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Демалыс күндері Toyota автокөлігінің жүргізушісі әуежайға бара жатқан жолда өзінің "шеберлігін" көрсетпек болды. Ол көлік тізгіндеу кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай туындатты.

Оның әрекеттерінен басқа көлік жүргізушілері жылдамдық пен қозғалыс бағытын кенеттен өзгертуге мәжбүр болды. Қайғылы жағдайдың алдын алу тек сәттіліктің арқасында мүмкін болды. Ал Кенжекөл ауылында ВАЗ-2114 автокөлігінің иесі орталық шыршаның айналасында "би билеп", көлік жүргізу шеберлігін көрсетпек болған. Осылайша, тәртіп бұзушылардың екеуі де жолдағы қауіпсіздікке қауіп төндіргені үшін полиция тарапынан жауапқа тартылды.

Әрқайсына 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

"Жолда апатты жағдай жасау - бұл заңға қайшы әрі өте қауіпті әрекет. Мұндай жағдайлар ауыр зардаптарға, оның ішінде адамдардың жарақаттануына, мүліктің бүлінуіне немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін", - деп атап өтті полиция департаментінің өкілдері.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина