Жол үстінде жүрегі тоқтап қалған: Алматыда жаппай жол апаты болды

Жол үстінде жүрегі тоқтап қалған: Алматыда жаппай жол апаты болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматыда әл-Фараби даңғылында бес көлік жол апатына ұшырады. Бұл жағдайға қала полициясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 1975 жылы туған жүргізуші әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан.

"Денсаулығы күрт нашарлауына байланысты ол бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан", - деді полиция.

Мәліметке сүйенсек, көлік жүргізіп келе жатқанда ер адамның жағдайы кенет нашарлап кеткен, алдын ала диагноз - жүрек ауруы. Жүргізуші оқиға болған жерде көз жұмды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget