- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жол қысқартпақ болған"....
"Жол қысқартпақ болған". Атырауда әйел мұз астына түсіп кетті
Атырауда әйел мұз астына түсіп кетті. Құтқарушылар оны аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
10 наурызда сағат 21:49-да Атырау қаласындағы "Элита" мейрамханасының тұсында белгісіз адам суға батып кеткен. Шақырту орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші жетіп, әйел жолды қысқарту мақсатында мұз үстімен өтпек болып, кенеттен мұз ойылып, суға батып кеткенін анықтады.
"Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде 1979 жылы туған әйел тез арада құтқарылып, құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті және облыстық ауруханаға жеткізді. Оның жағдайы дәрігердердің бақылауында", - делінген хабарламада.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан