Жол құрылысы саласында 43,4 миллиард теңге жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура өткізген брифингте айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінгі таңда 43,4 миллиард теңге жымқыру дерегін анықтадық. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Автожолдар бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне барлығы 28 қылмыстық іс тіркелген. Олардың бәрі бақылауда. Процесс енді ғана басталды, бүгін нақты бір шешім айтуға ерте деп ойлаймын", - деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, прокурорлар сегіз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалған 600 миллион теңге тиімсіз пайдаланылғанын, 70 жалған анықтаманы, 10 стандартқа сәйкес келмеу дерегін анықтаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!