Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 7 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 7 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Фото: gov.kz

Астанада жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

"Елордадағы жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін 19, 28, 52, 54, 55 А, 55Б, 66 нөмірлі автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева