"Жол жоқ". Қарағандыда ауыл тұрғындары тасқыннан кейін ауылдан шыға алмай отыр

"Жол жоқ".  Қарағандыда ауыл тұрғындары тасқыннан кейін ауылдан шыға алмай отыр
Фото: Massaget.kz

Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Қайрақты елдімекені тасқыннан кейін ауылдан шыға алмай отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде Қайрақты ауылы күнделікті тіршілігіне оралды. 1 метрге дейін көтерілген су қазір тартылып келеді. Алайда бұл елдімекеннің аудан орталығына баратын негізгі жолы су астында қалды. Аядай ауыл айналма жолмен жүре алмайды. Себебі, саз балшықтан жол таңдамайтын көліктердің өзі батып жатыр. Амалы таусылған ел трактор арқылы қатынауға мәжбүр.

"Басты мәселе біздегі айналма жолға жеңіл көлік жүретіндей етіп, жол салып берсе. Халықтың сұрауы сол. Үлкен джиптар мен нивалармен ғана жүре аласын. Бәрінің жағдай оған жете бермейді", - деді Қайрақты ауылының тұрғыны Қанағат Тәуіртаев.

Халықтың талап арызын тыңдаған аудан әкімі айналма дала жолына ұсақ тастар төсеп беретінін айтты. Жұмыстар бүгінде басталды. Онымен қоса қырылған малы үшін аландаған елге барлық шығын толықтай өтелетінін жеткізді.

"Ешқандай отбасы көмексіз қалмайды. Кейбір адамдардың малдарында құжат жоқ екен. Біз оны көрші маңайына растатып, акт жасаймыз. Тікелей бюджеттің қаржысымен өтей алмаймыз. Құжаты болмаған соң. Оны ел азамттары, кәсіпкерлер, қорлар арқылы өтеуге жұмыс істейміз", - деді Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров. 

Жандос Бақытұлы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz