Редакцияға жаяу жүргіншілер өткелінде болған қауіпті оқиғаны түсірген Шымкент тұрғыны бейнежазба жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.
Автордың айтуынша, оқиға бүгін таңертең Шымкенттегі Патеев көшесінде болған. Видеода Hyundai Accent жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кете жаздағанын көруге болады.
Қалалық полиция департаментінде хабарлағандай, жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!