Танымал әнші Ернар Айдар видео түсіріп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған еді. Кейін ол жүргізуші куәлігінен айырылмай, тек айыппұлпен құтыла салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода әншінің көлігі қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қозғалыс жолағына қарсы шыққаны байқалады.
Полиция әншіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлады. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оған мына баптар бойынша айып тағылған:
Осы шешім көпшіліктің күмәнін тудырды. Оқырмандардың бір бөлігі мұндай әрекет үшін жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған деп есептейді.
Еске салайық, ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес, ереже бойынша тыйым салынған жағдайда қарсы жолаққа шығу 6 айға жүргізуші құқығынан айыруға әкелуі мүмкін.
Редакция ІІМ-нен "Неге Ернар Айдарға 596-баптың 3-бөлігі қолданылмады?" деген сауал жолданды. Ведомство мәліметінше, материалдарды қарау барысында бұл бапқа сай құқықбұзушылық белгілері анықталмаған.
"Қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі немесе осы бапқа кіретін басқа да бұзушылықтар тіркелмеді", - деп түсіндірді ІІМ.
Жалпы айыппұл сомасы нақты айтылмады. Дегенмен хаттама қай баптармен толтырылғаны белгілі болғандықтан, айыппұлды шамалап есептеуге болады:
Барлығы: 10 АЕК. 2026 жылы бұл 43 250 теңге.
Егер тұтас сызық анық көрінбесе, айыппұлды даулауға мүмкіндік бар. ӘҚБтК-нің 741-бабы 2-бөлігіне сай, егер жолақ:
онда іс тоқтатылуы мүмкін, өйткені құқықбұзушылық құрамы болмайды.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстанда жаңартылған жол ережелері күшіне енгені еске салынды: онда бір тұтас сызықты кесіп өту де әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырылып, кей жағдайда 596-бап бойынша 6 айға дейін жүргізуші құқығынан айыруға дейін алып келуі мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!