Жол ережесін 306 рет елемеген: Астанада жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Астанада бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 25 жастағы жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мониторинг барысында Hyundai Palisade көлігінің жүргізушісі тек биылдың өзінде жол қозғалысы ережелерін 306 рет елемегені белгілі болған.  

Оның 169-ы белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыруға байланысты болса, 134-інде автобус жолағымен жүрген.  

"3 мамырда бейнебақылау камералары оның Ұлы Дала даңғылында сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады", - деді Астана прокуратурасы өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!