Жол бойында зираттың жанынан бет сипап өту дұрыс па?

Жол бойында зираттың жанынан бет сипап өту дұрыс па?
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Имам Нұрлан Байжігітұлы зираттың жанынан бет сипап өтуге қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жолда көп жүреміз. Жол бойында зират, моланың қасынан өткен кезде бет сипап өтеміз. Сол дұрыс па? Бірнәрсе айту керек пе", - деген сұрақ қойылған. 

Нұрлан имам зираттың жанынан өткенде онда жатқан адамдарға амандасып өту керегін айтты. 

"Ассауламағалейкум, арғы дүниедегілер, осы зиратта жатқандар. Құдай сіздерді кешірсін, сіздерді жарылқасын" деп айту керек. Ертең біз де сондай болсақ, өтіп бара жатқан адам бет сипауға жарамаса, өткен аруақтарымызға ол қаншалық мұсылмандығымыз болады? Сондықтан ұялатын ештеңесі жоқ. Қолыңызды жайып, дұғаңызды айтып, "иманды болсын" деген сөзді айту мағыналы нәрсе деп есептеймін", - дейді Нұрлан Байжігітұлы.  

@kamilakamila6663

♬ оригинальный звук - kamila.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина